13.05.2021

Жоғары оқу орнын трансформациялау

Жоғары оқу орнын трансформациялау

13.05.2021ж. С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Басқарма төрағасы-ректор Г.Шакуликова бүгінгі жиналысында ұжымды Ораза айт мерекесімен құттықтап, оқу орнының ағымдағы және алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыс жоспарларына тоқталды. Жиын барысында аппарат жетекшісі Д.Құралханов 2025 жылға дейін энергетика секторында әлемдік деңгейдегі индустриалды университетті құру жобасымен таныстырды.

Университеттің қазіргі инфрақұрылымын жаңғырту, цифрлық шешімдерді енгізу, сұранысқа ие жаңа білім беру бағдарламаларын құру, 7 жаңа зерттеу институттары мен орталықтарының базасында зерттеулердің экожүйесін дамыту және т.б. жүзеге асыру арқылы университет: 1. Академиялық артықшылық, 2. Зерттеудің экожүйесі 3. Әлемдік көшбасшылық секілді жетістіктерге қол жеткізуді көздеп отыр.

Индустриалды университет білім беру қызметтерін әлемдік нарыққа экспорттау, өңірге кәсіби мамандарды шоғырландыру мен зияткерлік капиталды арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге аймақтың әлеуметтік-экономикалық және технологиялық дамуына тың серпін береді күтілуде.

Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN