14.05.2021

«Жыртқыш баспалардан» сақтану

«Жыртқыш баспалардан» сақтану

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті ғылыми кітапханасы Clarivate Analitics халықаралық компаниясымен бірігіп, ұлттық жазылым аясында Web of Science ақпараттық - талдау платформасының құралдары бойынша «Басылымдар үшін журналды қалай таңдау және қауіпті журналдардан қалай сақтану керек?!» тақырыбында офлайн семинар өткізді.

Семинар мақсаты-ғылыми қызметкерлердің зерттеулерін ұлттық және халықаралық басылымдарда жариялануына жол ашу. Семинарды Clarivate Analitics халықаралық компаниясының Орталық Азия елдеріндегі ресми өкілі Инеш Кенжина жүргізді.

Маман «ашық қолжетімді» (open access) және «жабық қол­­жетімді» (close access) журналдар туралы кеңінен мәлімет беріп, қол жетімді басылымдарды орналастыру үшін «жыртқыш баспагерлерді» анықтау критерийлерімен таныстырды, зерттеушілердің өз материалын басып шығаратын журналдардың сапасын да зерттеуді басты назарда ұстауды ұсынды.

Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN