#aoguscience айдарында университетіміздегі жас ғалымдар туралы айтамыз.
Әсем Иманғалиева – қалдықсыз химиялық технологияны зерттеуші. «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасының оқытушысы.
Әсем ғылыми қызметінде Д.И.Менделеевтің «Химияда қалдық деген болмайды, тек пайдаланылмаған шикізат қана бар» деген сөзін ұстанымға алады.
Жас ғалым Атырау мұнай өңдеу зауытының күкірт қалдықтарынан күкірт құрылыс қоспасын алу технологиясын жетілдірді. Ол қоспаны кез келген нысан құрылысында қолдануға болады.
-Қазақстанда күкірт қалдықтарынан өнім шығаратын бірде-бір кәсіпорын жоқ, сондықтан жергілікті зауыт оларды Қытайға экспорттауға мәжбүр. Әлемде күкіртті цемент Біріккен Араб Әмірліктерінде ғана қолданылады, бірақ май құрамы әр жерде әр түрлі болғандықтан қоспада айырмашылық бар. Бұл жобамен жұмысты жалғастырамын, осы тақырып бойынша докторлық диссертация қорғауды жоспарлап отырмын, - дейді жоба авторы Әсем Иманғалиева.
- Университет туралы
- Оқуға түсушілерге
-
Студенттерге
- "Study Space" студенттің жеке кабинетіне кіру
- Білім алушының ішкі тәртіп ережелері
- Қабылдау комиссиясына онлайн тіркелу
- Қорытынды аттестаттауды тапсыру туралы білім алушыларға арналған нұсқаулық
- Жазбаша жұмыстарды тексерудің автоматтандырылған жүйесі
- Ақпараттық технологиялар мен білімді бақылау басқармасы
- Халықаралық білім беру бағдарламалары және академиялық ұтқырлық басқармасы
- Мансап және жұмысқа орналасу
- Студенттік жатақханаларда тұру ережелері
- Факультеттер
- Ғылым
- AOGU Shop
-