26.11.2021

ASTANA HUB-ТА С.ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДІГІ АШЫЛДЫ

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Astana Hab-та С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасындағы ҚР Энергетика министрлігінің технологиялық құзыреттердің салалық Орталығы ашылды.
Бұл Орталық - технологиялық тенденциялар, ағымдағы жағдайды бағалау, нарық қажеттіліктері, басымдықты анықтау, сараптама, кеңес беру, оқыту жұмыстарын іске асыруға бағытталған. Жоба аясында идеялар мен ұсыныстар банкі, сарапшылар мен мамандар пулы құрылады.
Еліміздің энергетика саласындағы инновацияларды, ғылымды және цифрландыруды тиімді дамыту мақсатында барлық мүдделі тараптардың - мемлекеттік органдардың, бизнес, ғылым, білім және қоғам өкілдерінің арасындағы өзара байланыстың дәнекері болады.
Бұл бізге жаңа білімді генерализациялауға, жаңа мамандықтар/біліктілік бойынша мамандарды сертификаттауға, кәсіпорын кадрларын қайта даярлауға, шетелдік жұмыс күшін отандық кадрлармен алмастыруға мүмкіндік береді.
Орталықтың ашылу салтанатында С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Басқарма Төрағасы-ректоры Гүлзада Шакуликова бұл бастама энергетика саласындағы технологиялық инновациялар бойынша сараптамалық қолдау көрсетуге арналғанын атап өтті. Цифрландыру жобаларын сарапшылық сүйемелдеу және «болашақтың мамандықтары» бойынша эксперименттік білім беру бағдарламаларын әзірлеу жұмысы жүзеге асады. Еліміздің энергетика саласының технологиялық картасын жасау, озық технологиялар тұрғысынан кеңес беру де осы Орталық қызметінде көрсетілген.
Astana Hub ІТ-стартаптар халықаралық технопаркі Қазақстандағы технологиялық стартаптарды дамытуға және инновациялық мәдениетті жетілдіруге бағытталған. Университет базасындағы Орталықтың Astana Hab-та орналасуы Хаб экожүйесін дамытуға және мұнай-газ саласында ІТ-компаниялармен кәсіби диалог орнатуға, жұмыс тиімділігін арттыруға ықпал ететініне сенімдіміз. Алдағы уақытта халықаралық технологиялық паркпен бірлескен жобаларды жүзеге асыру да жоспарланып отыр.
--

Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN