27.06.2022

АтМГУ түлектері диплом алды

«Түлектер шеруіне» университет басшылығы, факультет декандары, профессор-оқытушылар құрамы мен ата-аналар қатысты. -Атырау мұнай және газ университетінде білім алу – арман-мақсатыңызға жету жолындағы алғашқы баспалдақ болды деп сенемін. Бүгін қолдарыңызға алып отырған жоғары білім туралы құжат өздеріңіздің және еліміздің игілігіне жарасын,- деді құтықтау сөзінде АтМГУ ректоры Гүлзада Тәңірбергенқызы. Университет қол жеткізіп отырған жетістіктердің бәрінде ұстаздар мен студенттердің бірлескен күш-жігері бар. АтМГУ оқуда – озат, қоғамдық жұмыста белсенді, ел ертеңіне үлес қосуға ниетті барлық білім алушыларын мақтан етеді. Ақ жол, түлек! Жаңа өмір жолы жақсылыққа толы болсын!

Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN