08.02.2022

БІЗДІҢ ҰСТАЗДАРЫМЫЗ

«БІЗДІҢ ҰСТАЗДАРЫМЫЗ» айдарының бүгінгі кейіпкері – мұнай-газ факультетінің доценті Тұрниязова Айсұлу Бектемірқызы. Айсұлу Бектемірқызы білім-ғылым саласындағы еңбегімен қатар көпшілікке университеттегі «Көңілді тапқырлар клубын» алғашқы ұйымдастырушы және жетекшісі ретінде танымал. Университет мәртебесін өнер додасында асқақтатып, студенттердің шығармашылық қабілетін шыңдай білген ұстаз. Ол жетекшілік еткен КТК («Райцентр», «Космос», «Прага», «Жигули») командалары Ресейдің және еліміздің жоғары лигасында тамаша өнер көрсетіп, көрермен көзайымына айналды. Айсұлу Бектемірқызы университетте «Халықаралық және академиялық ынтымақтастық», «Мансап, тәжірибе және жұмысқа орналастыру» бөлімінің басшысы, музейдиректоры қызметтерін де абыроймен атқарып, студенттермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеді. Университетіміздің дамуына, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру ісіне зор үлес қосып келе жатқан Айсұлу Бектемірқызы үшін биыл мерейлі жыл – 60 жасқа толып отыр. Әріптестері мен шәкірттері атынан өмір жолының осы атаулы белесімен құттықтап, барлық жақсылықты тілейміз!

Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN