04.12.2021

Бизнес білім беру: жаңа сын-қатерлер мен мүмкіндіктер

Осындай тақырыппен Университет Ақтау қаласындағы «Rixos Water World Aktau» кешенінде дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіндегі МВА бағдарламасын таныстыру, ақпараттандыру және насихаттау мақсатында өткен іс-шараға топ менеджмент, бизнес пен индустрия нысандарының басшылары, бағдарламаның Маңғыстау облысындағы тыңдаушылары қатысты.
-Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіндегі МВА бағдарламасы мансабын одан әрі дамытуды жоспарлайтын, жалпы қоғамның дамуына өз үлесін қосуға ниетті DЕО мақсатты көшбасшыларға арналған,- деп атап өтті университеттің Басқарма Төрағасы-ректор Гүлзада Шакуликова.
Өмір бойы білім алу - табысқа жету жолы. МВА бағдарламасы жай ғана кәсіби біліктілік емес, жоғары оқу орнынан кейінгі толыққанды білім беру. Университет Бизнес мектебінің деканы, э.ғ.к., профессор Ақмарал Жалғасбаева бағдарламаның маңызы мен іске асыру жолындағы жетістіктер туралы баяндады.
Дөңгелек үстелде Бірінші проректор Дархан Құралханов, оқытушылар мен тыңдаушылар сөйлеп, ұлттық индустрияны білікті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған жоба туралы айтты.
Тағы бір жаңалық - Университетте 2022 жылы «Энергия алмасу» 4.0 және «Әйелдер көшбасшылығы» ЕМВА бағдарламасы ашылады.

Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN