02.06.2021

CASPIAN STARTUP-2021

CASPIAN STARTUP-2021

Ақтау қаласында сәуірдің 24-28 күндері CASPIAN STARTUP-2021 Халықаралық байқауы өтті.

Байқауда С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Қ. Оразалиев әділқазылар алқасы құрамында болып, Назарбаев интеллектуалды мектебі оқушыларының дарынын бағалады. Байқаудың негізгі мақсаты:

• Бизнес-жобаларды одан әрі іске асыратын жас стартаперлерді тәрбиелеу; • Жаңа стартап-жобаларды таныстыру үшін алаң құру; • Инновациялық қоғамдастықтың әлеуетін көрсету және оны кәсіпкерлер мен қоғам алдында қолдау.

«Жаңартылатын энергия көздері» тақырыбындағы «Caspian Start-UР» ғылыми жобалар байқауына Қазақстан, Әзірбайжан және Түркіменстаннан 87 адам қатысты.

5 кезеңнен өткен сайыс 1 маусым күні қорытындыланды. Сайыс қорытындысы бойынша байқауда үздіктер қатарынан көрінген 9 қатысушыға С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің білім беру гранты тағайындалды.

Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN