28.04.2021

Ел болашағы білікті маманның қолында

Ел болашағы білікті маманның қолында
С.Өтебаев атындағы АтМГУ –де дәстүрлі «Түлектер жәрмеңкесі-2021» шарасы онлайн форматта форум түрінде өтті. Мақсаты- университеттің биылғы жылғы түлектерін еңбек нарығында мамандықтары бойынша жұмыспен қамту, түлек пен жұмыс беруші арасындағы өзара байланысты оңтайландыру. Форум жұмысына өңірдегі жұмыс беруші бірқатар компаниялар қатысты. Ұйымдастырылған форум аясында: Жұмыс берушілермен тікелей сұхбат ұйымдастырылды Түлектер тікелей жұмыс берушіге өз түйіндемелерін тапсырды. Компания өкілдерінің қатысуымен түлектерге арналған шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Түлектер жүрек қалауы бойынша жұмыс табудың жаңа әдістерімен танысып, электронды еңбек биржасы және басқа да көптеген қажетті мәліметтер алды. Жұмыс берушілер студенттерге мамандықтың қыр-сыры туралы кеңестер беріп, қазіргі таңда сапалы маманның қай салада болса да сұранысқа ие екендігін айтып өтті. Студенттер кәсіпорындарда қойылатын міндет, талаптармен танысты.

Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN