12.01.2021

Құрметті АтМГУ студенттері, профессорлық-оқытушылар құрамы!

Құрметті АтМГУ студенттері, профессорлық-оқытушылар құрамы!

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 20 желтоқсандағы шешімі және Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 қаулысы негізінде университет басшылығы шешім қабылдады:

1) Бакалавриаттың 1 курс студенттерін биылғы оқу жылының көктемгі семестрінде аралас оқыту форматына көшіруге;
2) биылғы оқу жылының көктемгі семестрінде бакалавриаттың бітіруші курсының студенттерін (бизнес және менеджмент, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыттарын қоспағанда, барлық бағдарламалар бойынша) аралас оқыту форматына ауыстыруға;

Бакалавриаттың 2-3 курсында, магистратурада оқитындар мен «Бизнес және менеджмент», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттарының бітіруші курстары үшін оқыту формасы бұрынғыдай - онлайн режимінде қалады.

Аралас оқыту форматында дәрістер онлайн режимінде өтеді, оффлайн режиміндегі практикалық жаттығулар (университетте) кесте бойынша болады.

Университет тарапынан санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасалады: оқу аудиториялары үнемі желдетіледі және жалпыға ортақ қолданылатын жабдықтар дезинфекцияланады.

Студенттер мен оқытушылар сақтау керек: әлеуметтік ара қашықтық; тамақтану бөлімшелеріндегі, кітапханалардағы және студенттер тұратын басқа орындардағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптар; міндетті маска режимі.

Қосымша ақпарат алу үшін кураторға немесе факультет деканатына хабарласыңыз. Жатақханаға тіркелу үшін мына сілтеме бойынша өтініш қалдыра аласыз:

 

(қазақ тілінде) https://docs.google.com/forms/d/1FDoEAbEqQ78I650ifG0cfM32Uflnx_gginMeQSxKnrE/edit 


(на русском языке)
https://docs.google.com/forms/d/1wtPB2wE5B0RTYNfq-Rzz4Vmzk0JzkbqERA5X1em_akk/edit


Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN