26.05.2021

Органикалық заттардың химиялық технологиясы бойынша онлайн республикалық пәндік олимпиада өтті

Органикалық заттардың химиялық технологиясы бойынша онлайн республикалық пәндік олимпиада өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті базасында 26-28 сәуір аралығында Органикалық заттардың химиялық технологиясы бойынша онлайн республикалық пәндік олимпиада өтті.

Университеттің атынан екі команда: «Fire» және «Вorn to Be the Best» қатысты.

Пәндік олимпиаданың 1-ші туры «Органикалық химия», «Жалпы химия технологиясы», «Химиялық технология үрдістері мен құрылғылары» пәндері бойынша тест сұрақтарынан болды. Екінші турда командалық ғылыми жоба қорғалды. Жобаның мақсаты, өзектілігі және жаңашылдығы бағаланды.

«Fire» командасының құрамында университетттің Органикалық заттардың химиялық технологиясы тобының студенттері: Б.Нұртаев, Б.Сәлім және Г.Ескендір (жетекшісі С.Буканова); ал, «Вorn to Be the Best» командасы атынан Е.Уралов, А.Бисенғазы және К.Кинжеева (жетекшісі Н.Қарабасова) қатысты.

Республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша университеттің екі командасы да 12 команда арасынан 3-ші орынды, ал жеке біріншілікте Гүлдана Ескендір 36 қатысушының арасынан жүлделі 3-ші орынды иеленді.

Олимпиада жүлделі 3 орынды иеленген студенттерімізді және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз.

Жеңістің биік тұғырынан көріне беріңіздер!

Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN