26.05.2021

«Химиялық технологиялардың үрдістері мен құрылғылары» атты IV Халықаралық студенттік пәндік олимпиада өтті

«Химиялық технологиялардың үрдістері мен құрылғылары» атты IV Халықаралық студенттік пәндік олимпиада өтті

24-25 мамырда С.Өтебаев атындағы АтМГУ -ң «Органикалық заттардың химиялық технологиясы-18» мамандығының студенттері Сәлім Бекзада мен Ескендір Гүлдана Уфа мемлекеттік мұнай техникалық универсиеті ұйымдастырған «Химиялық технологиялардың үрдістері мен құрылғылары» атты IV Халықаралық студенттік пәндік олимпиадасына онлайн форматта қатысты.

Бірнеше елдің жоғары оқу орындарының үздік студенттері білімдерін сынға салған сайысқа қатысудың өзі студенттеріміздің білімдерін шыңдауға және олардың кәсіби өрлеуіне мүмкіндік береді.

Айта кету керек, биылғы Халықаралық деңгейде өткен білім додасына Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Мәскеу, Екатеринбург, Самара, Пермь, Ярославль, Грозный сияқты елдердің 19 университетінен 69 студент, сондай-ақ Африка континенті мен Кубаның ұлттық құрамалары қатысты.

Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN