16.06.2021

ТАМАША ЖАҢАЛЫҚ

ТАМАША ЖАҢАЛЫҚ
Биылғы елімізде тұңғыш рет мемлекеттік білім беру грантының конкурсына қатысу үшін екі рет тестілеуден өтуге мүмкіндік беріліп отыр.

Екі мүмкіндікті пайдаланудың да өзінің Ережелері бар.

 МҰҚИЯТ ОҚЫП АЛЫҢЫЗ:

Егер тестіленуші бірінші мүмкіндікті пайдалана отыра, ҰБТ-да тыйым салынған затты алып кіруге талпынса немесе тестілеу кезінде ұсталатын болса, онда оның екінші мүмкіндігі жойылатын болады.

Ал егер де ҰБТ-ның екінші мүмкіндігінде тыйым салынған затпен кіруге талпынса немесе ұсталатын болса, онда бірінші мүмкіндігінің нәтижелері жойылады.

Сондықтан тестілеудің талаптарын бұзбай, ҰБТ-ны екі рет әділ тапсырып, грант конкурсына жоғары нәтижесі бар сертификаттың иегері болған пайдалы екенін ескертеміз.

ҰБТ ережесін бұзу: тестілеу кезінде сөйлесу, тест тапсырмаларын шығару, шпаргалка, смартфон, құлаққап, пейджер, диктофон, камера т.с.с. заттарды қолдану болып табылады.

Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN