24.05.2021

«Worldskills Atyrau-2021»: білім мен білік бәсекесі

«Worldskills Atyrau-2021»: білім мен білік бәсекесі
«Worldskills Atyrau-2021»: білім мен білік бәсекесі

Бүгін С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Нұрлан Балғымбаев атындағы коммуникацияларды дамыту орталығында «Worldskills Atyrau-2021» өңірлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

Жұмысшы мәртебесін көтеріп, кәсіптік-техникалық білім беру саласына көңіл бөлу, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға өңірдегі 19 колледждің студенттері қатысады.

- Бүгінде жұмысшы мамандығына қызығушылық артып келеді. Оның дәлелі ретінде жыл сайын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың қатары молайғанын айта аламыз,-деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова. Чемпионат қатысушыларының жұмысын халықаралық дәрежедегі тәуелсіз сарапшылар бағалайды.

WorldSkills - құрамына 82 ел және өңір кіретін халықаралық қозғалыс. 2015 жылы 4 құзыреттілік бойынша 12 студент бақ сынаса, биыл 33 құзыреттіліктен 170-ке жуық жас маман шеберлік додасына түседі.

Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN