28.05.2021

Жаңа сын-тегеуріндер – университет үшін жаңа мүмкіндіктер»

27 мамыр күні Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында тікелей эфирде С.Өтебаев атындағы АтМГУ Басқарма төрағасы-ректор Г.Шакуликова «Жаңа сын-тегеуріндер – университет үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында баяндама жасады.

Өз баяндамасында ректор пандемия кезеңінде еліміздің жоғары оқу орындары сын-қатерлерге қарамастан жоғары білім беру саласы жаңа әдіс-тәсілдерге бейімделіп, қашықтан оқыту жүйесін меңгергендігін жеткізді.

Сонымен қатар, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің жұмыс берушілердің сұранысын қамтамасыз ететін, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау бағытындағы жұмыстарына тоқталды. Атап айтқанда, студенттерге көрсетіліп отырған әлеуметтік қолдаулар, білім беру гранттары мен атаулы шәкіртақылар, түлектерді жұмыспен қамту, дуалды білім беру, қос диплом бағдарламасы, студенттердің халықаралық және республикалық пәндік олимпиададағы жетістіктері, т.б. бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Университеттің бүгін таңдағы «Білім-ғылым-индустрия-бизнес» интеграциясы бағытында ұтымды жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемнің үздік университеттерінде білім алған тәжірибелі жастарды жұмысқа тарту арқылы бағдарлама түлектерінің өңірлердің дамуына атсалыстыру және оқу орнын халықаралық деңгейдегі білім ордасына айналдыру көзделіп отырғандығын айтты.

Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN