Коммерцияландыру орталығы
Коммерцияландыру орталығы – ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырумен, инновациялық технологияларды енгізу және іске асырумен, зияткерлік меншік объектілерін және өнімдерді (тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді) әзірлеумен айналысатын ЖОО бөлімшесі.
Міндеттері:
- коммерцияландыру үшін технологияларды іздеу және бағалау;
- маркетингтік зерттеулер;
- технологияларды коммерцияландыру саласында ғалымдарға әдіснамалық қолдау көрсету;
- технологияларды коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу;
- университетте технологияларды коммерцияландыру идеясын насихаттау саласында ақпараттық қызмет жүргізу;
- жобалар тұжырымдамасының негіздемесін әзірлеу бойынша процесті ұйымдастыру және бақылау;
- инновациялық жобаларды одан әрі коммерцияландыру үшін сүйемелдеу.