Салалық технологиялық құзыреттер орталығы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі №283 «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің технологиялық құзыреттерінің салалық орталықтары туралы» бұйрығына сәйкес, мұнай-газ саласында Энергетика министрлігінің Технологиялық құзыреттердің салалық орталығы құрылды, оның функциялары Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіне жүктелді.

Негізгі міндеттері:

  • Мұнай-газ кешенінің технологиялық даму басымдықтарын анықтау үшін технологиялық трендтерді талдау;
  • Мұнай-газ саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге мемлекеттік басқару процестерін жетілдіруге бағытталған ұсынымдар әзірлеу;
  • Қазақстан Республикасының энергетика саласының "технологиялық картасын" жасау;
  • Кәсіпорын ерекшелігіне сәйкес, болашақтағы салалық қажеттіліктерге сай озық технологиялар бойынша кеңес беру;
  • Жобалардың инновациялық құрамдасын сараптау;
  • Өндірісте инновациялық стартап-жобаларды енгізуге жәрдемдесу;
  • "Болашақ кәсіптері" бағыты бойынша "Foresight болжау" жүргізу;
  • Болашақ кәсіптерге арналған кәсіби стандарттар мен эксперименттік білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
  • Саладағы еңбек ресурстарын талдау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу.
RU KK  EN