Технологияларды коммерцияландыру офисі
Технологияларды коммерцияландыру офисі – бұл университеттің ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, инновациялық технологияларды енгізу және жүзеге асыру, зияткерлік меншік объектілері мен өнімдерін (тауарлар, жұмыстар және қызметтер) әзірлеумен айналысатын бөлімшесі.
Міндеттері:
- Коммерцияландыруға жарамды технологияларды іздеу және бағалау;
- Маркетингтік зерттеулер жүргізу;
- Ғалымдарға технологияларды коммерцияландыру бойынша әдістемелік қолдау көрсету;
- Технологияларды коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу;
- Университетте технологияларды коммерцияландыру идеясын насихаттау бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізу;
- Жобалар тұжырымдамасының негіздемесін әзірлеу процесін ұйымдастыру және мониторинг жүргізу;
- Инновациялық жобаларды олардың одан әрі коммерцияландырылуын сүйемелдеу.
Ғылым қоры аясында «Жергілікті шикізат негізінде коррозияға қарсы қоспалар өндіру технологиясы» жобасын коммерцияландыруға өтінім әзірленіп, тапсырылды.
Атырау мұнай және газ университетінің коммерцияландыру орталығын дамыту университеттің ғылыми ұжымының зерттеу нәтижелерін тәжірибелік немесе тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріске ілгерілету қажеттіліктерін алдын ала қамтамасыз етуге бағытталған. Қазіргі таңда университет ғалымдарының ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру қажеттілігі шектеулі болып отыр, бұл көбінесе ғылыми жобалардың коммерцияландыруға дайындық деңгейінің төмендігіне байланысты. Осыған орай, 2024 жылға арналған коммерцияландыру орталығының миссиясы – қазіргі ғылыми зерттеулердің немесе студенттік стартап бастамаларының коммерцияландыруға дайындығын арттыруды ынталандыру, оларды Атырау облысы нарығы мен әлеуетті инвесторлардың қажеттіліктеріне сәйкестендіру болып табылады.