Спорт кешені

Атырау Мұнай және газ университетінің спорт кешені дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысу үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге мүмкіндік береді, жас ұрпақты тәрбиелеуге, денсаулығын сақтауға және нығайтуға елеулі үлес қоса отырып, салауатты өмір салты үшін қажетті алғышарттар мен жағдайлар жасайды.

Спорт кешені төрт спорт залынан тұрады:

  1. Үлкен ойын залы: ойын залында студенттер арасында волейболдан, әйелдер, ерлер арасындағы мини-футбол, үлкен теннистен академиялық сабақтар мен спорттық секциялар өткізіледі, оқытушылар мен қызметкерлерге арналған денсаулық топтары жұмыс істейді.
  2. Кіші ойын залы: кіші залда академиялық сабақтар және баскетбол, волейбол, гандболдан спорт секциялары өткізіледі.
  3. Би-жаттығу құрылғылары залы: «Зумба» фитнес тобы, әйелдер жаттығу құрылғылары сабақтары, би үйірмелері академиялық сабақтары мен спорттық секциялары өткізіледі.
  4. Жаттығу залы: таэквондо, тай-бокс, айкидо, вин-чунь, джиу-джитсу және бокс, армрестлинг және атлетикалық гимнастика бойынша академиялық сабақтар мен спорт секциялары өткізіледі.
  5. Ашық спорт алаңдары және жазғы жаттығу құрылғылары кешені: теннис корты, баскетбол алаңы, волейбол алаңы.

Спорт кешенін университет студенттері, оқытушылары, қызметкерлері пайдаланады.

Спорт кешенінің жұмыс уақыты сағат 9-00-ден 22-00-ге дейін. Жыл мезгіліне байланысты жұмыс уақыты қысқаруы мүмкін.

RU KK  EN