Оқу-әдістемелік кеңес

Әдістемелік кеңес мемлекеттік білім беру стандарттары мен жұмыстық-оқу жоспары талаптарына сәйкес университет мамандықтарының барлық пәндері бойынша оқу-әдістемелік әзірлемелерді тексеруді жүзеге асыратын университет кафедраларының, факультеттерінің, факультеттер бойынша сараптама комиссияларының оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастырумен, үйлестірумен және бақылаумен айналысады.

Әдістемелік кеңестің негізгі міндеті:

  1. оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету сапасының мониторингін ұйымдастыру;
  2. білім беру ұйымдарында шығарылатын оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, оқу құралдарын және басқа да материалдарды жоспарлау, сараптамадан өткізу және баспаға ұсыну;
  3. білім беру ұйымдарында оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру;
  4. педагогикалық және ғылыми кадрлардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау және аттестаттау жүйесін жетілдіру, оқу үрдісінің мазмұнын талдау;
  5. сапа менеджменті жүйесін дамыту және оқу процесіне әдістемелік әзірлемелер нәтижелерін енгізу бойынша ұсынымдар дайындау;
  6. оқытушылардың оқу-әдістемелік бірлестіктерінің шығармашылық орталықтарының (тұрақты және уақытша) жұмысын ұйымдастыру;
  7. оқу жоспарларын, бағдарламаларды, оқу-әдістемелік материалдарды дайындау және жетілдіру бойынша факультеттердің, кафедралардың және басқа құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру;
  8. университет кафедраларының, факультеттерінің және басқа да ЖОО-лардың әдістемелік жұмысының озық тәжірибесін жинақтау, тарату және оқу үрдісіне енгізуге жәрдемдесу.
RU KK  EN