Рекрутинг және маркетинг орталығы

Рекрутинг және маркетинг орталығы Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің құрылымдық бөлімшесі ретінде екі бағыт бойынша қызмет атқарады:
1. Рекрутинг: талапкерлерді қабылдау, кәсіптік бағдар беру жұмысы.
2. Маркетинг: Университеттің білім беру қызметтері нарығында жайғасуы.
Орталық қызметінің мақсаты – талапкерлерді тарту, ЖОО-ның білім беру қызметтері нарығында жайғасуы бойынша жұмыстар жүргізу, Университет туралы, сондай-ақ оқуға түсу шарттары, мемлекеттік және ішкі гранттарды тағайындау бойынша байқауларға қатысу мүмкіндіктері туралы толыққанды, жан-жақты және сенімді ақпарат тарату.


Орталық төмендегі салалар бойынша келесідей міндеттерді жүзеге асырады:         

Рекрутинг:

  •  Қазақстан Республикасының облыстық Білім басқармаларымен және қалалық білім бөлімдерімен қарым-қатынас орнату;
  • Қазақстан мектептерімен мақсатты жұмыс жасау және оқу-ағарту жағынан әкімшілікпен байланыс орнату;
  • Жалпы орта білім және кәсіптік орта білім беретін білім ұйымдарының бітіруші түлектері мен олардың ата-аналары үшін кезедсулер, презентациялар ұйымдастыру және өткізу;
  • Жалпы орта білім және кәсіптік орта білім беретін білім ұйымдарының білім алушылары үшін Ашық есік күндері мен Университет ішіне экскурсиялар ұйымдастыру және өткізу;
  • Жыл сайын өткізілетін халықаралық және республикалық білім көрмелеріне қатысу – сапалы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу, талапкерлер мен ата-аналарға АтМГУ-ге оқуға түсу бойынша толық әрі жан-жақты ақпарат беру, сондай-ақ өзге де кәсіптік бағдар беру шараларына қатысу;
  • Call-орталықтың телефон желісі, Университеттің веб-сайты және әлеуметтік желілер арқылы талапкерлерге оқуға түсу және құжаттарды дайындау рәсімі жөнінде кеңес беру;
  • Университет туралы, сондай-ақ оқуға түсу шарттары, мемлекеттік және ішкі гранттарды тағайындау бойынша байқауларға қатысу мүмкіндіктері туралы толыққанды, жан-жақты және сенімді ақпарат тарату;
  • Талапкерлерді тарту және Университеттің білім беру қызметтері нарығында жайғасуына жағдай жасау мақсатында ақпараттық бюллетендер тарату және жариялау;
  • Қабылдау комиссиясы мен Call-орталық жұмысын ұйымдастыру;
  • Құжаттар қабылдау және ақылы негізде оқу және мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқу жөнінде талапкерлермен шарт жасасу;
  • АтМГУ веб-сайтында талапкерлерді оқуға қабылдау мәселелеріне қатысты ақпараттар орналастыруды ұйымдастыру.

Маркетинг:

  • Халықты Университеттің қызметі, білім беру бағдарламалары және Университетте оқу артықшылықтары туралы ақпараттандыру;
  • Университетте білім алуға мүмкіндігінше көп мақсатты аудитория тарту;
  • Университеттің бәсекелестік артықшылықтарын көрсететін АтМГУ-дің оң имиджін қалыптастыру;
  • Медиа-материалдар дайындау (презентациялар, видео, плакаттар/стендтер, афишалар), таратпа материалдар әзірлеу, кәсіптік бағдар беру шараларын медиа-материалдармен қамтамасыз ету;
  • Университет брендін қалыптастыру, дамыту және білім нарығында алға жылжыту, сондай-ақ Университет беделін нығайту бойынша іс-шаралар жүйесін әзірлеу және жүзеге асыру;
  • Маркетинг көрсеткіштерінің тиімділігін есептеу: маркетинг инвестицияларын бөлісу, клиент тартудың құны, конверсия, LTV;
  • Нарықта жаңа білім беру бағдарламаларын біріктіру бойынша факультеттер мен индустрия арасында өзара ынтымақтастық орнату;
  • Жалпы орта білім және кәсіптік орта білім беретін білім ұйымдарының түлектері мен АтМГУ білім алушылары арасында сауалнама жүргізу, сондай-ақ Университеттің білім беру қызметтері туралы тұтынушылар пікірін талдау.
Байланыстар:

Орталық жетекшісі – Осипова Виктория Владимировна

Тел.: 8(7122) 36 25 56 (оқуға түсу мәселелері және басқа да сұрақтар бойынша)

e-mail: info@aogu.edu.kz

RU KK  EN