Басқарма

Басқарма - бұл Қоғамның ағымдағы қызметін басқаратын алқалы орган. Басқарма Төрағасы мен мүшелерінің функциялары, құқықтары мен міндеттері Заңмен, басқа нормативтік құқықтық актілермен, Қоғам Жарғысымен, сондай-ақ еңбек шарттарымен айқындалады. Еңбек келісім-шарттарында тараптардың құқықтары, міндеттері, жауапкершіліктері және басқа да маңызды жағдайлар, сондай-ақ Басқарма мүшелерінің Қоғамның корпоративтік басқару кодексінің ережелерін сақтау жөніндегі міндеттемелері болуы қажет. Басқарма мүшелері өз құқықтарын жүзеге асыруы және өзіне жүктелген міндеттерді Қоғам мен Жалғыз акционердің мүдделерін барынша жақсы көрсететін әдістерді қолдана отырып орындауы керек. Басқарма мүшелерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Қоғам Жарғысына, Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесінің шешімдеріне қайшы келетін Компания мүлкін пайдалануға немесе ондайға жол беруге құқылы емес. Басқарма мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес Қоғамның қызметі туралы ақпараттың айқындалуын және ұсынылуын бақылайды, өздеріне сеніп тапсырылатын немесе жұмыс барысында белгілі болатын коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерді жарияламауға міндетті.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Сафи Өтебаева атындағы «Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ

Басқарма құрамы

Шакуликова Гүлзада Тәңірбергенқызы

Басқарма Төрағасы-ректор, э. ғ. д., профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі

Академиялық мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор

Ахметов Сайранбек Махсұтұлы

Ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі проректор, т. ғ. д., профессор

Құлбаева Клара Сәрсенбайқызы

Қаржы директоры - бас есепші

RU KK  EN