Тәртіптік комиссияның негізгі мақсаты Университет қызметкерлерінің ҚР заңнамасын, университеттің Ішкі тәртіп ережелерін сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ тәртіптік ықпал ету және жауапкершілік шараларын қолдану туралы істерді қарау болып табылады.
Тәртіптік комиссияның негізгі міндеттері:
- университет қызметкерлері тарапынан жіберілген заң бұзушылықтар туралы істерді жан-жақты, толық, объективті және уақтылы қарау;
- шығарылған шешімнің орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ тәртіп бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау;
- университеттің ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылау;
- тәртіптік комиссияға бекітілген шараларды, оның ішінде осы лауазымдық міндеттер ережелерінің 2.1 т. айқындалған тұлғалардың орындауын қамтамасыз ететін тәртіптік ықпал ету шараларын қабылдау.
Тәртіптік комиссия мынадай істерді қарайды:
- құқық қорғау органдарының көмегімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы;
- Корпоративтік Әдеп кодексінің нормаларын бұзу мәселелері бойынша;
- Корпоративтік басқару кодексін бұзу мәселелері бойынша;
- профессор-оқытушылар құрамының оқу сабақтарын дәлелсіз себептермен жүйелі өткізбеуі туралы;
- қызметкерлердің дәлелді себептерсіз жұмысқа жүйелі кешігуі туралы;
- жұмыс немесе оқу орнында мас күйінде пайда болуы, оның ішінде университет аумағында жұмыс уақытында спирттік ішімдіктер ішу туралы;
- белгіленбеген жерде темекі шегу туралы;
- университеттің ішкі нормативтік құжаттары талаптарын бұзу туралы;
- тәртіптік сипаттағы ықпал ету шараларын қолдануды талап ететін өзге де істер;
- азаматтардың өтініштері бойынша.