Бос лауазымдарға конкурс

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі академиялық мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор, бас бухгалтер лауазымдарын атқаруға конкурс жариялайды.

Қызметтің негізгі мәні жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар (проректор):: Жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, тиісті салалардағы білім беру ұйымдарында және (немесе) уәкілетті органдарда басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

  • Белгіленген үлгідегі өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
  • түйіндемесі;
  • қызмет бағыты бойынша Даму бағдарламасы;
  • білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелерін, сондай-ақ салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, академиялық, ғылыми дәрежесі туралы, ғылыми атағы туралы дипломдардың (бар болса) көшірмелері;
  • қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
  • еңбек қызметін растайтын, жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған (қолданыстағы не соңғы) құжаттың көшірмесі;
  • №075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);
  • «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  • «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша наркологиялық ұйымнан анықтама;
  • «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбау өтінішті қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатыса алмайды:

  • жиырма бес жастан кіші;
  • бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
  • жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар;
  • медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған адамдар;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он ) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі. Конкурсты өткізу күні, орны және форматы қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде корпоративтік хатшыға Атырау қаласы, Баймұханов көшесі 45 «А», №10 корпус, №405 кабиентке ұсыну қажет.), телефоны: 8 701 983 04 70, 8 778 778 97 17, email: sovdir@aogu.edu.kz

RU KK  EN