09.11.2021

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

Студенттердің академиялық ұтқырлығын дамыту қазіргі білім беру үрдісінде ерекше маңызды.
Сафи Өтебаев атындағы АтМГУ студенттері тәжірибе алмасу, бірыңғай еуропалық келешекке қол жеткізу мақсатында Польшаның Новы-Сонч қаласындағы Wyższa Szkoła Biznesu - National Louis университетіне 1 семестрге білімдерін жетілдіруге жолға шықты.

Сонымен бірге «Қос дипломды білім беру бағдарламасы» бойынша АжБ-20 қ/т студенті Д.Шалабаев Лешнодағы (Польша) Ян Амос Коменский атындағы қолданбалы ғылымдар университетіне жіберілді. Студент «Мехатроника» білім беру бағдарламасы бойынша 2-3 курстардан өтеді.

Оқуды аяқтағаннан кейін және дипломды қорғағаннан кейін ол Ян Амон Коменский атындағы қолданбалы ғылымдар университетінің ерекше үлгідегі дипломын алады. Дархан Шалабаев Қазақстанға оралғаннан кейін АтМГУ дипломын алу үшін мемлекеттік емтиханнан өтеді.

Талапты студенттерімізге ақ жол тілейміз!

Фотогалерея

Возврат к списку

Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN