23.06.2022

АтМГУ Басқарма төрағасы-ректор Гүлзада Шакуликованың халыққа есеп беру кездесуі өтті

АтМГУ Басқарма төрағасы-ректор Гүлзада Шакуликованың халыққа есеп беру кездесуі өтті

Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында С.Өтебаев атындағы АтМГУ Басқарма төрағасы-ректор Гүлзада Шакуликованың халыққа есеп беру кездесуі өтті. 

Баспасөз мәслихаты форматында өткен кездесуде ректор С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің жұмыс берушілердің сұранысын қамтамасыз ететін, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау бағытындағы жұмыстарына тоқталды. Атап айтқанда, студенттерге көрсетіліп отырған әлеуметтік қолдаулар, білім беру гранттары мен атаулы шәкіртақылар, түлектерді жұмыспен қамту, дуалды білім беру, қос диплом бағдарламасы, студенттердің халықаралық және республикалық пәндік олимпиададағы жетістіктері, т.б. бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. 

Университет «Білім-ғылым-индустрия-бизнес» интеграциясы бағытында ұтымды жұмыстар жүргізіп жатқанын баяндады.Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемнің үздік университеттерінде білім алған тәжірибелі жастарды жұмысқа тарту арқылы бағдарлама түлектерінің өңірлердің дамуына атсалыстыру және оқу орнын халықаралық деңгейдегі білім ордасына айналдыру көзделіп отырғандығын айтты.

Возврат к списку

Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN