10.01.2022

Басқарма Төрағасы - ректор Шакуликова Гулзада Тәңірбергенқызының үндеуі

Басқарма Төрағасы - ректор Шакуликова Гулзада Тәңірбергенқызының үндеуі
Қүрметті отандастар, қазақ елінің Жастары!

Бір жағадан бас шығарып, бір жеңнен қол шығарған казағым! Еліміз үшін сын сағаты болған қазіргі жағдай бәрімізді алаңдатуда!

Қоғамдық келісім, бейбітшілікті сақтау - әр қазақстандықтың парызы. Осындай күрделі сәтте Президентіміздің Қ. Токаев саясатына сенім артып, бір мүдде, бір мақсат жолында бірігуіміз қажет!

Ел тағдыры сынға түскен сәтте ақыл-парасатымызға жүгініп, сабыр сақтайық. Тәуелсіздік, тұрақтылық пен тыныштық - ең ұлы құндылығымыз.
Отанымыз - қастерлі Қазақстанымыз аман болсын!

Мемлекетіміздің экономикасын дамытып, халықтың әл-ауқатын көтеру үшін тұрақтылық өте маңызды. Ел ішіне іріткі салуды көздеген ішкі-сыртқы күштерге тойтарыс беріп, тыныштығымызды сақтап, еліміздің болашағы жарқын болғай!

Возврат к списку

Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN