04.10.2021

«АTYRAU YOUTH HACKATНON» ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

«ATYRAU YOUTH HACKATHON» - бұл жобаны идеядан жобаға дейін екі күнде әзірлеуге бағытталған шаралар кешені.
Байқаудың мақсаты: PR және Медиа, Экология, әлеуметтік кәсіпкерлік, ІT және цифрлық технология саласы бойынша жастардың инновациялық идеяларын тыңдап, оларды жүзеге асыруға сарапшы мамандардан кеңес беріп, жігерлендіру. Үздік жобаларды марапаттап, жұмыстарын жариялау.
Сайысқа қатысуға облыс бойынша 71 үміткер тіркелген. Байқау жұмысының негізгі бағыттары:
• PR және Медиа саласы бойынша жобалар
• Экология және әлеуметтік кәсіпкерлік саласы бойынша жобалар
• IT және цифрлық технология саласы бойынша жобалар
Хакатон тек байқау, үздіктерді анықтау емес, қатысушыларға жаңа иделар мен жаңа мүмкіндіктер беріп, тәжірибе жинақтайтын алаң болады.
Сайысқа қатысушылар командада жұмыс істеу, өз идеяларын сауатты көрсету, уақытты басқару және басқа да икем, дағдыны үйренеді. Хакатонға қатысу жастарға тек оқуда ғана емес, алдағы уақытта табысты мансап құруда да көмектеседі.

Возврат к списку

Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN