01.10.2021

«БЕКЕТ АТА» КІТАБЫ – АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ

ХХІ ғасырдағы университеттердің үшінші миссиясы - қоғам дамуына ықпал ету. Студенттерге білім беріп, ғылым негіздерін меңгертіп қана қоймай, сын-қатерлерге қарсы тұра алатын, қоғамға креативті идея әкелетін нақты жобаларды іске асыру маңызды. Университет басшылығының бастамасымен «Бекет ата» кітабының ағылшын тіліндегі нұсқасы жарық көрді. Бекет атаның ұрпағы Ислам қажы Мырзабекұлының 40 жылдан астам уақытын арнап шығарған кітабы бұған дейін журналист Гүлжан Елешованың аударуымен орыс тілінде жарық көрген болатын. Кітап «Анега Қазақстан» компаниясының демеушілігімен жарыққа шығып отыр. Бүгін университетте өткен Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысында «Бекет ата» кітабының таныстырылымы болды. -Пір Бекеттің туған жері – еліміздегі «Киелі жерлер географиясына» енген Жылыой ауданындағы Ақмешітке университет ұжымы болып барған сапарымызда бізге кітапты ағылшын тіліне аудару идеясы келген болатын. Атырау мұнай және газ университетіне келіп еңбек етіп жатқан «Болашақ» бағдарламасының түлектері қасиетті атаның туған жеріне деген құрмет ретінде «Бекет ата» кітабының ағылшын тіліндегі нұсқасын дайындап, Ұлыбритания елінің редакторларында сараптан өткізілді, - деп атап өтті оқу орнының Жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Қанат Оразалиев.

Возврат к списку

Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN