08.10.2021

БІЗДІҢ СЕРІКТЕС – UNIVERSITI TEKNOLOGI PETRONAS

Шетелдік серіктестермен байланысты нығайту жаңа оқу жылында да жалғасын тауып жатыр. Малайзиядағы Петронас технологиялық университетіндегі әріптестермен өткен онлайн кездесуде халықаралық студент алмасу бағдарламасы мен қос дипломды білім беру жобасы жайында талқыланды. 
Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті студенттерінің Малайзиядағы Петронас технологиялық университетінде бірнеше мамандық бойынша оқуға мүмкіндігі бар. Өткен оқу жылында біздің 5 студентіміз виртуалды академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша аталған оқу орнында білім алды. Ал биыл Петронас студенттері біздің университетке келіп оқиды. Тағы бір жаңалық – біздің университеттің оқытушылары химия инженериясы және мұнай-газ ісі бағыттары бойынша Малайзияға докторантураға оқуға барады деп жоспарланып отыр. 
Петронас университеті (Universiti Teknologi Petronas, UTP) - Малайзиядағы жетекші жеке университет. UTP салалық инженерлік және ғылыми-техникалық бакалавриат бағдарламалары, магистратура мен аспирантураның АТ бағдарламалары бойынша оқытумен қатар ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізеді. Жоғары оқу орнында қазір 66 елден 6000 студент пен 1200 аспирант білім алып жатыр.

Фотогалерея

Возврат к списку

Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN