12.10.2021

ИНТЕРНАЦИЯЛАНДЫРУ - УНИВЕРСИТЕТТІҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

Университетті интернациоландандыру халықаралық байланыстарға айқын жол ашып, серіктестік әлеуетті бірге қолдануға мүмкіндік береді. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті стратегиялық мақсаттарының бірі ретінде халықаралық тәжірибе алмасуды белгілей отырып, осы бағыттағы жұмыстарға назар аударып отыр. «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы аясында студенттеріміз Еуропадағы жоғары оқу орындарына барып, білім алады. Қараша айында Университетке шетелдік жоғары оқу орындарынан 4 профессор келіп, дәріс өткізеді. Қазақстанның брендіне айналған «Болашақ» бағдарламасы арқылы біздің университеттің 15 оқытушысы әлемдегі жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарына барып, тағылымдамадан өтеді. Малайзиядағы Petronas университетімен арадағы келісім-шартқа сәйкес оқытушыларымыз Химия инженериясы және Мұнай-газ ісі бағыттары бойынша докторантурада оқиды. Желтоқсан айында ENI корпоративтік университетімен бірге «Renewable energy» магистрлік бағдарламасы ашылады. СКОЛКОВО Мәскеу басқару мектебімен бірлесіп энергетика кешені менеджерлеріне арналған «Энергия алмасу 4.0» бағдарламасы аясында ғылыми зерттеу жұмысы қолға алынды. Университетте алғаш рет Тоталь француз мектебі ұйымдастырылды. Франциядағы тәжірибелі, атақты профессорлар біздің студенттеріміз бен жас ғалымдарға дәріс оқыды. Айта кетейік, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен индустриалды университетке трансформациялану жұмысын жүргізіп жатыр. Соның аясында өңірлік ғылыми-зерттеу орталығы құрылады.

Возврат к списку

Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN