15.04.2020

Победители конкурса "Үздік е-оқытушы"

Победители конкурса "Үздік е-оқытушы"
Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті қашықтан оқыту жүйесі кезінде профессорлық-оқытушылар құрамы арасында «Үздік Е-оқытушы» сайысын өткізді.

Университет басшылығының осы сайысты өткізудегі мақсаты — COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау және білім беру үдерісінде электронды немесе қашықтан оқыту технологияларын кеңінен қолдануды күшейту кезеңінде профессорлық-оқытушылар құрамын ынталандыру. Байқаудың міндеті- профессорлық-оқытушылар құрамының зерттеу және ақпараттық-коммуникативтік әлеуетін дамытуды ынталандыру; білім беру үдерісінде электронды оқыту мен қашықтан оқыту технологияларын қолданудың үздік әдістері мен тәжірибесін насихаттау; қашықтан оқыту курстарын әзірлеу мен енгізуге ынталандыру; университетте қашықтан оқыту жүйесін дамыту.

Алдын ала сайыс ережесі жасақталып, университеттің ақпарат беттерінде жарияланып, барлық ұжым мүшелері танысты. Байқауға ниет еткен барлық оқытушылардың қатысу мүмкіндігі бар. Байқау 3 номинациядан тұрады: Үздік лекция; Үздік онлайн материал; Үздік онлайн тапсырма.

Байқау қорытындысы әр апта сайын шығарылып, жеңімпаздары марапатталады. Байқаудың 30 наурыз бен 3 сәуір аралығындағы алғашқы жеңімпаздары да анықталды. Олар:

  • «Үздік лекция» номинациясы бойынша Индустриалды – технологиялық факультетінен Исмағұлова Ағиба Ишимқызының жұмысы үздік деп танылды.
  • «Үздік онлайн материал» номинациясы бойынша екі жеңімпаз анықталды. Мұнай-газ факультетінің оқытушылары - Галиева Ләззат Хайруллақызы мен Оразғалиева Мейрамгүл Кадырбайқызы.
  • «Үздік онлайн тапсырма» номинациясы бойынша Ақпараттық технология және бизнес факультетінен Исмағұлова Назгүл Кұтқожақызы жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздар әр номинация бойынша 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде бір реттік ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Бағындырар биіктері мен алар асулары көп болғай!

Фотогалерея

Возврат к списку

Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN