16.04.2020

Победители конкурса

Победители конкурса
Здеріңіз білетіндей «Үздік е-оқытушы» сайысының келесі кезеңі аяқталды. Екінші аптадағы, яғни 6 сәуір мен 10 сәуір аралығында жеңімпаздарымыз:
  • «Үздік лекция» номинациясы бойынша Индустриалды –технологиялық факультетінен Құлбатыров Дәурен Қамысбайұлы иеленді.
  • «Үздік онлайн материал» номинациясы бойынша Мұнай-газ факультетінің оқытушысы Рахатова Роза Мұратқызы жеңімпаз деп танылды.
Осы аптадағы сайыста байқап отырғандарыңыздай «Үздік онлайн тапсырма» номинациясы бойынша жеңімпаз анықталмаған.

«Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыспай; ер өнері білінбес, қоян-қолтық алыспай» деген мақал бар дана халқымызда. Өз жұмысыңыздың нәтижесін көрсету де бір өнер. Сондықтан осы уақыт аралығында азда болса жинаған тәжірибеңді үйрете жүріп, үйренген білім-білігіңді үлкен істермен ұштастырғың келетіні айдан анық. Азды-көпті еңбегің бағаланып жатса, қолыңнан іс келеді деп сенетін әріптес табылып, шын ниетімен қамқорлық жасап, жұмыс істеуге жағдай жасаса, кәсіби шеберлігің мен ұстаздық қызметіңе ерекше назар аударса, кім – кімге де болсын соны серпіліс әкелетіні шындық. Сондықтан университетіміздің профессорлық-оқытушылар құрамына сәттілік тілейміз! Өнерімізді ортаға салайық. Тәжірибе алмасайық.


Фотогалерея

Возврат к списку

Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN