04.10.2020

С Днем Учителя!

С Днем Учителя!

Қадірлі ұстаздар! Қымбатты әріптестер!

С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ұжымы!

Сіздерді төл мереке - Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміздің мұнай-газ кешеніне мықты маман даярлауды мақсат тұтқан университетіміздің бүгінге дейін жеткен әр жетістігінде, биік белестерінде ұстаздар, сіздердің маңдай тер, асыл еңбектеріңіздің ізі жатыр. Білім-ғылымның игерілуі болашақтың кепілі болып, нарық пен технологияның талаптары өзгеріп тұрған қазіргі уақытта сіздердің жылдар бойы жинаған білімдеріңіз, өмірлік танымдарыңыз, студенттерді тектілікке тәрбиелеудегі көмектеріңіз адамзат баласына ауадай қажет.

Әсіресе қазіргідей күллі әлемді пандемия жайлаған қиын уақытта жедел шешім қабылдап, өзгерістерге оңай ілесу уақыт талабы болып отыр. Білімнің сапасын жоғалтпай, тың идеялар мен жаңа жобаларды бірге жүзеге асыруда жаңашылдық пен жанашырлық, асқақтық пен адалдық, жігерлілік пен табандылықтың үлгісі бола білдіңіздер.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Сонымен бірге біз кәсіби білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға бағыттағанымыз жөн. Ірі бизнес өкілдері өңірлік университеттердің ғылыми қызметін қамқорлыққа алса, нұр үстіне нұр болар еді» - деген болатын. Бұл игі істер ұстаз еңбегімен ғана жүзеге асырылмақ. Сіздердің ұстаздық мәртебелеріңіз, докторлық дәрежелеріңіз, профессорлық пайымдарыңыз біздің түлектердің қоғамның әр саласында елге қызмет ететін мықты маман болуына ықпал етіп келеді. Ал табысты түлектер еңбек нарығында күрделі мәселелердің шешімін тауып, жаңа белестерді бағындыра алады. Мұның барлығы ұжымдағы ауызбіршіліктің, өз істеріңізге деген зор жауапкершіліктің айғағы деп білемін.
Тәуелсіз ел жастарының рухын көтеріп, тәрбиесін нықтап, әлемдік ғылым додасында дамыған елдермен тереземіздің тең болуы үшін жасап жатқан игі істеріңізге береке тілеймін! Жылдың әр күнінде ардақтауға лайық тұлғалар – өздеріңіз. Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы жеңістеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, көңілдеріңіз шат, жүздеріңіз жарқын, дендеріңіз сау, отбастарыңыз аман болсын деген тілегімді арнаймын.

Басқарма төрағасы-ректор Г.Т. Шакуликова

Возврат к списку

Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN