20.12.2021

ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ

2021 жылдың 20 желтоқсанында С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде «Көп өлшемді индекстерді болжау мәселелері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинар тренингті Мәскеудің Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің профессоры, э.ғ.д. Павел Терелянский жүргізді. Шетелдік ғалым 29-шы қарашадан бастап күні бүгінге дейін университеттегі Бизнес мектебінің студенттеріне «Бизнесті жоспарлау» бағдарламасы бойынша дәріс оқыды.
Бүгінгі күні Бизнес мектебі мен Ақпараттық технологиялар факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы қатысқан семинар-тренингісінде э.ғ.д., профессор Павел Терелянский көптеген тың деректермен, жаңа ақпараттармен бөлісті.
Тренинг барысында оңтайлы шешім табу процесінде қолданылатын индекстердің анықтамалары берілген. Басқару жүйелеріндегі индекстердің кибернетикалық мәні қарастырылды, абстракциялау және шындықты мәндер мен скалярлық шамалардың интервалдарына көрсету процестерімен бірге жүретін негізгі психологиялық және логикалық тұзақтар талданды.
Семинарға қатысушылар өздерінің алған әсерлерін ортаға салып, ғалымға ризашылықтарын білдірді.

Фотогалерея

Возврат к списку

Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN