08.10.2021

СТУДЕНТТЕР – ӨНДІРІС ОРНЫНДА

СТУДЕНТТЕР – ӨНДІРІС ОРНЫНДА

Университеттің мұнайлы аймақта, мұнай-газ компанияларына жақын аумақта орналасуы студенттерге өндіріспен танысуға, нақты жобаларды іске асырып, тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді. «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының студенттері Атырау мұнай өңдеу зауытына барды.

 Кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысқан студенттер зауыт тарихын көрсететін музейді аралады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында ірі бизнес өкілдері өңірлік университеттердің ғылыми қызметін қамқорлыққа алуы керек екенін атап көрсеткен еді. Осы бағытта Университет пен АМӨЗ арасында жоғары білім және ғылым саласында ынтымақтастық пен дамуды, оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмысының тиімділігін арттыруды орнату туралы өзара келісімшартқа қол қойылған болатын.

  Студенттердің білімін, шеберлігі мен дағдысын жетілдіру мақсатындағы жұмыстарға зауыт ұжымы үнемі қолдау көрсетіп келеді.


Фотогалерея

Возврат к списку

Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN