16.10.2021

ТБИЛИСИДЕГІ TEAM BUILDING

Университеттің топ-менеджерлері - күн сәулелі Грузияда!
Сапар мақсаты - бейресми ортада ұжымдық құндылықты қолдап, әріптестік байланысты нығайту және күш-жігерді ортақ мақсатқа шоғырландыру.
Грузия астанасы Тбилисидің тарихи орындарымен танысқан ұжым тимбилдингті арнайы семинар-тренингпен жалғастырды.
Халықаралық гуманистік педагогика орталығының президенті, психология ғылымдарының докторы, «Басти Бубу» (Грузия, Тбилиси) ​ мекемесінің ғылыми жетекшісі Паата Амонашвилидің авторлық семинары команда құру құндылығы тақырыбын негізге алған.
«Гуманистік педагогика - техника емес. Ол - шабыт! Ол - жігерлендіру! Шалва Амонашвили айтқандай, «Егер саған баланы сеніп тапсырса, оны қанаттандырып қайтар»,- дейді белгілі психолог, мотиватор, жазушы, ғалым Паата Амонашвили.
Ш.Амонашвили негізін қалаған білім беруді ізгілендіру технологиясы оқушының жеке тұлғалық қабілетін дамытуға басымдық беруімен құнды.
Кез келген компания жұмысының табысты болуы қызметкерлердің береке-бірлігімен тікелей байланысты.
Ұжым ұйымшылдығын арттыру, оқу-тәрбие процесі барысында туындайтын дағдарыс жағдайларынан шығу жолдары жайында Паата Шалваұлы мазмұнды дәріс, қызықты әңгіме айтты.

Фотогалерея

Возврат к списку

Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN