08.01.2021

Церемония открытия читательского клуба «Зейн» была посвящена 270-летию Пира Бекета

Церемония открытия читательского клуба «Зейн» была посвящена 270-летию Пира Бекета

«Зейін» оқырмандар клубының жыл ашар іс-шарасы Пір Бекеттің 270 жылдығына арналды.
Әбіш Кекілбаевтың сөзімен айтсақ, «Ұрпаққа ұстаз, ұлысқа ұран, ел иесі, жер киесі» - Бекет атаның Ақмешіттегі кесенесінің шырақшысы, атаның тікелей ұрпағы Ислам қажы Мырзабекұлы дөңгелек үстелдің қонағы болып, тағылымды әңгімесін айтты.

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова: «Мединеде – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет, Маңғыстауда – Пір Бекет» деген халқымыз ерекше қасиетке ие тұлғаларын ешқашан ұмытқан емес. Осы үрдісті біздің университет те жалғастырып, жаңа жобаны қолға алды. Ислам қажы Мырзабекұлының 2019 жылы жарық көрген «Бекет ата» кітабының 743 беттен тұратын төртінші басылымын ағылшын тіліне аударамыз. Қазір Университет оқытушылары мен қызметкерлері бұл жұмысты бастап кетті. Бұған дейін қазақ, орыс тілдерінде жарияланған материалдармен енді ағылшын тілді оқырман да таныса алады»,- деп атап өтті.

Дөңгелек үстелге қатысқан Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Саламат Идрисов, Атырау инженерлік-гуманитарлық институты «Рухани жаңғыру» орталығы меңгерушісі Ермек Биғали, геология-минерология ғылымдарының докторы, профессор Нәсіпқали Сейітов, «Елсана» руханият клубының мүшесі Нұржан Ермұханов сөз алып, ата рухын құрметтеуге арналған шаралардың алға қарай да жалғасын табатынына тоқталды.

Бекет атаның 270 жылдығына орай жақында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылады. Мақсаты: өткен ғасыр куәсі боп қалған тарихи-мәдени мұраларды танып білу, жас ұрпақты Отан сүйгіштікке, елжандылыққа және патриоттыққа тәрбиелеу, өлкетану ісіне баулу, рухани – мәдени мұраларды сақтау, Атырау өңірінің тарихын терең тануға деген құштарлығын ояту.

Возврат к списку

Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN