05.10.2021

УНИВЕРСИТЕТТЕ КОРРОЗИЯ ОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛДЫ

Мұнай-газ жабдықтарының коррозиясына байланысты проблемалар әлі де өзектілігін жойған жоқ және бірлесіп шешуді қажет етеді. Ғылыми-техникалық серіктестік аясында университет базасында құрылған Коррозия орталығы Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібі қызметкерлеріне біліктілік арттыру курстарын ұйымдастырып, сертификат беруді қолға алды.
TCO, NCOC секілді жетекші компанияларға жұмысқа орналасу үшін коррозия саласындағы арнайы арнайы дайындық сертификаты міндетті түрде болуы керек. Бұл талапты алдағы уақытта отандық барлық мұнай-газ компаниялары қоятын болады.
Университет базасындағы Коррозия орталығында Еуропаның белгілі ғылыми-өндірістік сараптамалық-талдау компаниялары – СОПКОР (Санкт-Петербург) және FROSIO (Қорғаныс жабындары инспекторларын оқыту және сертификаттау жөніндегі Норвегиялық кәсіби кеңес) өкілдерімен онлайн байланыс арқылы бірінші кездесу өтті. Онда қорғаныс жабындары инспекторларының біліктілігін арттыру және халықаралық жүйе бойынша сертификаттау жөніндегі оқу курстарының іске асырылуы талқыланды.

Возврат к списку

Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN