02.12.2021

YESSENOV FORUM: ЖАҢА МАҒЫНАЛАР

Бүгін осындай тақырыпта Ақтау қаласында YESSENOV FORUM өтті.
   Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті ұйымдастырған іс-шара ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.
Форумның «Энергетика саласының болашағы: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» панельдік сессиясында С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Басқарма Төрағасы-ректоры Гүлзада Шакуликова мен Бірінші проректор Дархан Құралханов модератор болды.
   Әлемде энергетика саласында болып жатқан жаһандық үрдістер мен өзгерістер қазір өңірлік деңгейдегі проблемаларды шешуді талап етіп отыр. Компаниялар жергілікті жердегі өзгерістерге қалай төтеп бере алады? Қандай жаңа сын-қатерлер мен қиындықтар бар? Мұнай-газ кешенін жақын болашақта не күтіп тұр? Өндіріс тәсілдеріне қандай өзгерістер енгізілді? Жалпы баламалы энергия көздерін қалай дамыту керек? Сессияда осы және басқа да маңызды мәселелер қаралды.
   -Университеттер жаңа заман талабына сай кадр даярлап қана қоймай, Қазақстанда озық халықаралық тәжірибе мен ғылыми-қолданбалы тәжірибені пайдалануға негізделген ғылыми-өндірістік базаны құруға атсалысуы керек. Бұл алаң саладағы дамуға ықпал ететін идеяларды табуға, орнықты пікір алмасуға мүмкіндік береді деген сенімдемін,-деп атап өтті Гүлзада Тәңірбергенқызы.

Фотогалерея

Возврат к списку

Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN