05.10.2021

ЖОЛДАУҒА - ҚОЛДАУ

Жылдағы дәстүр бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын арнады. Жолдаудан зор үміт күтіп отырған халық үшін біраз мәселелер қамтылып, ел болашағы жолында аянбай қызмет ету керектігі баса айтылды. Жыл сайын білім, ғылым, медицина салалары жолдаудан қалыс қалған емес. Биыл да бұл мәселелер өз деңгейінде көтерілді.
Пандемия кезінде қашықтықтан оқытудың нәтижесі төмен екендігі баса айтылды. Бұл жүйенің сапасын жақсартуды мықтап тапсырды. Алдағы мезгілде дарынды балаларға жан-жақты қолдау үшін конкурстан тыс жоғарғы оқу орнына гранттар беру, бір реттен ақшалай сыйлық төленетін болды. Олардың ұстаздарын да ынталандырып отыру жөн делінген. Білім беру жүйесіне жігерлі әрі білікті мамандар қажет. Биылғы қаңтар айынан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға көбейтіледі, алдағы үш жылда осы мақсатқа тағы 1,2 триллион теңге жұмсалады. Қабылданған шаралар жемісін беретіні сөзсіз. Құзырлы министрлікке жоғары білім беру сапасын арттыруды қамтамасыз ету міндеттелді, болашақ жоғарғы білімді мамандар уақыт талабына сай сапалы болу керек. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай-газ университеті оқытушылары да жолдауды ықыласпен тыңдап, оның маңыздылығын түсіне білді. Жолдаудан туындайтын міндеттерді орындау, іске асыру әрбір педагогтың болашаққа деген бағдарламасы болып белгіленді. Қазіргі жаһандық өзгерістер кезінде білімді мамандар дайындау үшін оқу бағдарламаларын жаңа жолдауға бейімдеу қажеттігі туындады. Биылғы оқу жылының дәстүрлі форматта оқуға көшіріліп, ұстаздарға материалдық, моральдық қолдау көрсетілді. Үкімет тарапынан көрсетілген қолдаулар Жолдауда көрсетілген міндеттерді орындауда серпін болары анық.

Возврат к списку

Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN