AOGU supports UN Agenda

«Біздің ұстаздарымыз» айдарында университетте 30 жылға жуық еңбек етіп келе жатқан, өзінің білімділігі мен біліктілігін әріптестеріне мойындата білген, алдынан білім алған студенттері мен түлектері есімін зор мақтанышпен айтатын Айғаным Өмірзаққызымен таныс болыңыздар. Айғаным Өмірзаққызы Ежирова 1983 жылы Алматы қаласындағы ҚазПТИ –да «Маркшейдерлік ісі» мамандығы бойынша білім алған. Алғашқы еңбек жолын, яғни 1983 жылы ҚазПТИ (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген соң оқу орны берген жолдама бойынша сол кездегі Гурьев облысы (қазіргі Атырау) Индер кентіндегі Индер кенішінде жас маман топограф-геодезист болып бастаған. А.Ежирова Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіне 1994 жылдан бастап оқытушы болып қабылданды. 2001 жылы аға оқытушы, ал 2005 жылдан бастап доцент лауазымына ауыстырылды. Айғаным Өмірзаққызы - ұжымда абыроймен еңбек етіп, студенттерге сапалы жоғары білім беру арқылы университет мәртебесін асқақтатып келе жатқан әріптестеріміздің бірі. Ұстаз – білікті, тәжірибесі мол маман. Оның кредиттік технология бойынша студенттерге білім беруде заманауи әдіс –тәсілдерді, амалдарды қолдануда өзіндік жетістігі бар. Оқытушы аудиториядағы сабақтарды оқу-әдістемелік деңгейі жоғары мектеп талаптарына сәйкес өткізеді. Үнемі біліктілігін арттырып, инновациялық озық технологияларды жақсы меңгерген. Айғаным Өмірзаққызы талабы зор, мақсаты биік студент жастарды өз мамандығының шеберлерін дайындау ісінде топ кураторы ретінде де бар күш-жігерін салып еңбек етіп келеді. Сол еңбек арқасында студенттері мен түлектері Айғаным сынды ұстазын үнемі мақтан тұтады. Түлектерінің айтуы бойынша оқу орнын бітіріп, қолдарына диплом алып, мамандық бойынша жұмысқа орналастырар кезде жұмыс берушілер көбіне негізгі пәнді кім оқытқанын сұрайды екен. Егер оқытушысы Айғаным Өмірзаққызы екенін білсе, «Мықты маман шығады!»- деп сенім білдіреді. Осының өзі оқытушыға берілген тамаша баға. Ұстаз есімі түлекке берілген жолдама секілді. Айғаным Өмірзаққызы жоғары оқу орнының қоғамдық жұмыстарына да белсене ат салысып, көпке үлгі болған маман. Ұстаз тек студенттердің ғана емес, ұжымның да мақтанышы.

Возврат к списку


Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN