AOGU supports UN Agenda

ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның болашағы – білімді жастардың қолында. Тың идеялар ойлап тауып, оны аз уақыттың ішінде жүзеге асыра білуге баулитын хакатондар өткізудің, студенттердің стартап жобаларына қолдау көрсетудің маңыздылығын тағы бір рет түйсінген іс-шара өтті. «Аtyrau youth hackatнon» - жастардың инновациялық әлеуетін анықтап, белсенділігін арттыруға бағытталған бірегей жоба. Н.Балғымбаев атындағы коммуникацияларды дамыту Орталығында екі күн бойы өткен инновациялық жобалар байқауына біздің университет студенттері де жоғары жауапкершілікпен дайындалып, қатысты. Нәтижесінде студенттеріміз: Экология бағытында жоба бойынша – 1 орын IT жобалары бойынша 1 және 3 орын PR&Media бойынша 3 орынды жеңіп алды. Университет студенттерінің жеңісі – біздің ортақ мерейіміз. Дарынды жастарымыздың жетістігі жаңа табыстарға жол ашсын! #«Аtyrau youth hackatнon» #ҚР Білім және ғылым министрлігі / Министерство образования и науки РК

Возврат к списку


Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN