AOGU supports UN Agenda

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен индустриялық университетке трансформациялану сатысында. Оның базасында технологиялардың жеделдетілген трансфертін ынталантыруға, мұнай-газ компаниялары үшін ғылыми жұмыстар жүргізуге және технологиялық ынтымақтастықтың өңірлік экожүйесін құруға мүмкіндік беретін аймақтық ғылыми-зерттеу орталығы құрылады. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан KAZENERGY XII Жастар форумында С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Басқарма Төрағасы-ректоры Гулзада Шакуликова айтты. «Кадрларды жаңа шындықта даярлау: қайта ойлаудан қайта құруға дейін» KAZENERGY XII Жастар форумына мемлекеттік орган өкілдері, еліміздегі ірі мұнай-газ компанияларының, халықаралық ұйымдастардың, жоғары оқу орындары мен жастар қозғалыстарының басшылары қатысып жатыр. Гүлзада Тәңірбергенқызы Қазақстанның мұнай-газ кешеніне білікті кадр даярлау мәселесі, осы бағытта Университетте қолға алынып жатқан жаңа жобалар туралы баяндады. #WorldEnergyWeek #KAZENERGY

Возврат к списку


Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN