AOGU supports UN Agenda

Демалыс күнін тиімді өткізу жаңа аптаға тың күш жинап баруға оң әсер етеді. 
Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ универсиеттінің студенттері 9 қазан - демалыс күнін саламатты өмір салтын насихаттап, қоршаған ортаға пайдасын тигізіп, белсенді әрі қызықты түрде өткізді. 
Жалпы пәндер факультетінің бір топ студенттері «Бірге таза Қазақстан» жалпықалалық сенбілікке қатысты. Студенттер таза ауада, табиғат аясында достарымен бірге тазалық жұмысына қатысты. 
Ал 1-4 курс студенттері университетімізде шағын футболдан өзара сайыс ұйымдастырып, саламатты өмір салтын насихаттады. 
Келесі бір топ белсенді, волонтер суденттеріміз 7 қазан күні сыбайлас жемқорлықпен күресті насихаттаған «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қолдайды» тақырыбындағы қалалық акцияға қатысты. 
Жастар - қоғамның қозғаушы күші. Елiмiздiң болашағы жастарымыздың еңбекқорлығына, туған елге деген сүйіспеншілігіне, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Осы жолда жастарымызға әрдайым сәттілік тілейміз!

Возврат к списку


Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN