AOGU supports UN Agenda

Бүгін Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті мен Халықаралық «Гуманистік педагогика Орталығы» арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
Университеттің Бірінші проректоры міндетін атқарушы Дархан Құралханов және Грузиядағы аталған Орталық президенті Паата Амонашвили қол қойған құжатта бірлескен жобаларды іске асыру қарастырылған. Соның ішінде тараптардың қызметкерлері үшін оқу курстары мен семинар-тренингтер, дәрістер ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Халықаралық «Гуманистік педагогика Орталығының» негізін атақты ұстаз, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Академиясының толық мүшесі Шалва Амонашвили қалаған.
Шалва Александрұлының Орталығы рухани гуманизм идеяларын педагогикалық теория мен тәжірибеде қолдану туралы білім беру саласы қызметкерлеріне семинарлар өткізеді. Ресейде, Украина, Беларуссия, Қырғызстан, Қазақстан, Латвия, Литва, Эстонияда гуманитарлық педагогиканың 200-ден астам орталығы мен зертханасы ашылған.

Возврат к списку


Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN