AOGU supports UN Agenda

Әр жыл сайын үлкен үмітпен күтетін Президент Жолдауы жарқын болашаққа деген сенімімізді нықтай түседі. Қазақстанның тыныс-тіршілігі мен оны қуаттандырудың басты бағыттары бойынша нақты тапсырмаларды қамтитын осы маңызды құжатта биыл да өзекті мәселелер қаралды.
Өткен оқу жылында күллі әлемді шарпыған індетке байланысты дүниежүзіндегі жоғары оқу орындарының білім алушыларының басым көпшілігі қашықтан оқуға көшкені бәрімізге белгілі. Мемлекет басшысы Үкіметке қашықтан білім беруге қажет ақпараттық жүйенің сапасын жақсартумен мықтап айналысуды тапсырып, білім беру жүйесі қолжетімді әрі инклюзивті болуы керек екенін айтты. Қазіргі уақытта даму мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істеудегі өзекті мәселе – инклюзивтік білім беру. Инклюзивті білім мүмкіндігі шектеулі жандарға мектеп қабырғасынан бастап жоғары оқу орындарында толық көлемде қатысуына мүмкіндік береді деп есептейміз. Ұрпақ - біздің болашағымыз, ертеңгі күні еліміздің дамуына зор үлесін қосып, ізімізді жалғастырушы. Жас ұрпақтың ішінде қарапайым балалар да, даму мүмкіндігі шектеулі балалар да бар.Ендеше бұл балаларды бөлмей, бәріне бір көзқараспен қарап, олардың болашағына жол ашуға көмектескен абзал. Әрине, мұны жеңіл деп айта алмаймыз. Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған ауқымды мәселе екені анық. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Мемлекет басшысы құзырлы министрлік жоғары білім беру сапасын арттыруды қамтамасыз етуге тиіс екеніне тоқталып өтті. Білім беру моделі деңгейі экономикалық және ғылыми-техникалық прогресстің ең негізгі көрсеткіші екені белгілі. Сапалы білім беру - ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық, практикалық іске қабілетті арттыру. Осыны ескерген Президент ғылым туралы заңнамаға өзгерістер енгізу керектігін және де ең бастысы, жетекші ғалымдарымызға тұрақты және өз еңбегіне лайықты жалақы төлеу мәселесін шешу, іргелі ғылыммен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарын тікелей қаржыландыру тәртібін енгізуді тапсырды.
Ғалымдарымыз көтеріп келген мәселенің бірі - Ғылым туралы заң жобасында қарастырылатын Ұлттық ғылыми кеңестер шешімінің әділдігі бойынша аппеляция институтын енгізудің қажеттілігіне де тоқталды.
Мемлекет басшысының еліміздің өркендеуі мен даму үшін жасалатын қадамдарды саралап айтып, оны нақты жеткізуі жұртшылықтың көңілінен шықты деп есептейміз. Айтылған Жолдау өзіндік мақсаттылығымен, нақтылығымен ерекшеленді. Біртұтас ел болып, қуатты Қазақстанды бірге құрып, еліміздің әл-ауқатын арттыру жолында бәріміз бірге қажырлы еңбек етсек қана мақсатқа жетеміз.

Рыскүл БАҒЫТОВА,
С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің доценті.

Возврат к списку


Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN