AOGU supports UN Agenda

Университетіміздің 26 студенті геонавигация симуляторымен жұмыс істеудің тәжірибелік дағдысын меңгеру курсын бітірді. 5 оқытушы тереңдетілген білім алды. Жыл соңына дейін тағы да 20 студент осы курсқа қатысады.
Халықаралық «ADAGA» компаниясы үш жылдан бері «ЖігерМұнайСервис» ЖШС-мен бірлесіп, геонавигация қызметін жүзеге асырып келеді. «Геонавигация симуляторы көлденең ұңғыманы бұрғылауды 100% сүйемелдеуге мүмкіндік береді. Курстан өткен студент кәсіби геонавигаторлар жұмыс істейтін құралдарды қалай қолдану керек екенін біледі, бұл болашақта кәсіби білікті, өз ісін жетік меңгерген маман болуына септігін тигізеді»,- дейді «ADAGA» ЖШС директоры Руслан Исмагулов.
«ADAGA» компаниясының «Geosteering Office» бағдарламалық кешені алғаш рет Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай-газ университетіне, кейін Франциядағы IFP School институтына енгізілген. Үшінші білім беру ордасы С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті болып отыр.
Алдағы уақытта Университетте геонавигация және көлденең ұңғымалармен жұмыс істеуге үйрететін оқу сыныбы ашылады деген жоспар бар.

Возврат к списку


Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN