AOGU supports UN Agenda

ҚР БҒМ вице-министрі Қ. Ерғалиевтің хаттамалық тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде университет базасында білім алушылар мен ПОҚ үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша оқу-жаттығуларымен таныстырған жиын өтті.
Жиында Атырау облысының полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция капитаны Б.С.Жұмағалиев терроризмге қарсы оқу-жаттығулары бойынша әзірленген жадынамаларымен таныстырды. Сонымен бірге ЖОО-ның штаттан тыс жағдайларға дайындығын күшейту, күш құрылымдарымен өзара іс-қимыл тиімділігін және терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жолдарына тоқталды.
Шараға қатысқан Атырау қаласы төтенше жағдай басқармасының инженерлері А.Жанделдин мен Ә.Гумарова өрт қауіпсіздігі және оның алдын алу тақырыбында әңгімеледі.
Шара соңында университеттің басқарма төрағасы-ректор Г.Шакуликова білім алушыларға қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету бағытында атқарылып отырған шаралар туралы баяндады. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде университеттің әрбір мүшесі өзінің функционалдық міндеттеріне жоғары жауапкершікпен қарауды тапсырды.

Возврат к списку


Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN