AOGU supports UN Agenda

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің «Зейін» оқырмандар клубының кезекті басқосуы «Ақсақ кемпір» ғұмырнамалық хикаятына арналды.
Тарихи мәліметтерге негізделіп алынған «Ақсақ кемпір» ғұмырнамалық хикаятының авторы – белгілі өлкетанушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сайпеден Сидағалиев.
Жаңа кітаптың басты кейіпкері – «Ақсақ кемпір» образындағы Тиын Іскендірқызы. Шығарма дәстүрлі дала мәдениетінде қазақ әйелдерінің отбасында ғана емес, қоғамдық-әлеуметтік ортада айрықша орны болғанын көрсете білуімен де құнды.
Шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Б.Хаменова, Қазақстан Жазушылар Одағы Атырау облыстық филиалының төрағасы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қ. Жылқышиев, белгілі өлкетанушы, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Ө. Әлімгерейұлы және тағдыры кітапқа арқау болған Қарабала қажы Есенұлының ұрпақтары да қатысты.
Бір әулеттің тарихы арқылы Жайық бойын жағалаған жұрттың тағдырын, замана зауалын, аштық пен репрессия нәубетін, соғыс зобалаңын суреттеген «Ақсақ кемпір» кітабы оқырманға жол тартты. Қадамы сәтті болсын!

Возврат к списку


Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN